Алматыда "Алғабас" ықшамауданында болған төтенше жағдайдан кейін "Астана құрылыс" компаниясы 2014 жылдан бері салған көппәтерлі үйлердің барлығы тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің орынбасары Сұлтанбек Мәкежановқа сілтеме жасап.
Алматыда "Алғабас" ықшамауданында болған төтенше жағдайдан кейін "Астана құрылыс" компаниясы 2014 жылдан бері салған көппәтерлі үйлердің барлығы тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің орынбасары Сұлтанбек Мәкежановқа сілтеме жасап.
"2014 жылы бұл компания төрт үй, 2015 жылы бес үй тұрғызған. Төтенше жағдайға байланысты бұл компанияның жұмысы қатаң бақылауға алынды. МАҚБ басқармасы қазір компания және Мемлекеттік бағдарлама арқылы жүргізген коммерциялық құрылысты бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деді Мәкежанов.
Мәкежановтың айтуынша, "Астана құрылыс" қазіргі уақытта мемлекеттік бағдарлама бойынша төрт нысанның құрылысымен айналысып жатыр. "Коммерциялық құрылыс бойынша, жеке қаражаттан екі үй салынып жатыр", - деді әкімнің орынбасары.
"Сондықтан да қазір түрлі қаржылық механизмдер арқылы компания тұрғындарға көмек көрсету керек, ал қаржы институттары алдындағы міндеттерін кейін орындайды. Бұл - комиссияның шешімі. "Астана құрылыс" тұрғындардың алдында нақты шешімдер қабылдайды деп сенеміз. Тұрғындар түсіністік танытып отыр", - деді ол.
Сонымен қатар, апатты жағдайдағы үйді қолдануға беруге рұқсат еткен мемлекеттік қызметкерлердің де тексерілетіні белгілі болды. "12 органмен жұмыс істеп жатырмыз. Олардың жауапкершілігін, қай кезеңде заң бұзғанын анықтаймыз. Келесі аптада мемлекеттік органдар мен қол қойған қызметкерлерге қатысты заң тәртібінде шара қолданылады", - деді Мәкежанов.
Еске салайық, Алматыда жаңадан салынған үйдің тұрғындары түнде 2 маусымға қраған түні эвакуацияланған болатын. ТЖ Алатау ауданындағы "Алғабас" ықшамауданында (Момышұлы және Ақын Сара көшелерінің қиылысы) болды. Тұрғындардың айтуынша, толастап жауған жаңбырдан үйдің жертөлесіне су толып қалған. ҚР ІІМ ТЖК мәліметінше, үй астындағы жер отырып қалған және содан үй қисайған. Бұл үйде шамамен 200 адам тұрады. Түні бойы оқиға орнында қалалық жедел қызмет өкілдері кезекшілік етті.
Бұған дейін "Астана құрылыс" компаниясының бас директоры Бекболат Амантурлин Алматының "Алғабас" ықшамауданында орналасқан тұрғын үйдің қисаюына қатысты пікір білдірді.