Астана LRT-да жүруге арналған жеңілдік карталары енгізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана LRT-да жүруге арналған жеңілдік карталары енгізіледі Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Астанада 28 сәуірден бастап LRT-да жүруге арналған атаулы көлік карталарын ресімдеуге онлайн-өтінімдер қабылдау басталады. Олар оқушылар мен жеңілдігі бар азаматтар санатына қолжетімді болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Астанада 28 сәуірден бастап LRT-да жүруге арналған атаулы көлік карталарын ресімдеуге онлайн-өтінімдер қабылдау басталады. Олар оқушылар мен жеңілдігі бар азаматтар санатына қолжетімді болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Картаны кімдер ала алады?

City Transportation Systems (CTS) компаниясының хабарлауынша, атаулы көлік карталары елордадағы оқу орындарының 7-ден 18 жасқа дейінгі білім алушыларына, сондай-ақ жеңілдігі бар санаттарға жататын азаматтарға арналған.

"LRT атаулы көлік карталарын елорданың 7-ден 18 жасқа дейінгі оқу орындарының тәрбиеленушілері, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеңілдік берілген санаттарға жататын азаматтар ресімдей алады", - деп хабарлады CTS.

Бұл ретте картаны тек Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын тұрғындар ғана ала алады.

Өтінімді қалай беруге болады?

Өтінімдерді қабылдау тек онлайн - transcard.kz ресми сайты арқылы жүзеге асырылады.

"Өтінімдерді қабылдау тек онлайн форматта жүргізіледі. Ресімдеу үшін деректерді толтырып, қажетті құжаттарды цифрлық форматта тіркеу және картаны алу үшін ыңғайлы пунктті таңдау қажет", - деп түсіндірді компания өкілдері.

Карта дайын болғаннан кейін пайдаланушының көрсетілген телефон нөміріне SMS-хабарлама келеді.

Құны қанша және қайдан алуға болады?

Картаны дайындау құны 1200 теңгені құрайды.

Дайын картаны аудандық әкімдіктердің бірінен алуға болады. Елордада барлығы алты беру пункті ұйымдастырылған, карталар дайындалғаннан кейін сол жерлерге жіберіледі.

Маңызды ақпарат

CTS атаулы көлік картасы тек LRT-да жүруге арналғанын баса айтты.

"LRT атаулы көлік картасы тек LRT-да жүруге арналған және қалалық немесе қала маңындағы бағыттарда жарамсыз", - деп атап өтті компания.

Басқа жолаушылар үшін төлемнің өзге нұсқалары қарастырылған. Көлік карталары мен бір реттік билеттер LRT іске қосылғаннан кейін станцияларда қолжетімді болады, сондай-ақ кассаға бармай-ақ төлем жасаудың балама тәсілдері қарастырылып жатыр. Олар туралы қосымша хабарлауға уәде берілді.

Еске салайық, бұған дейін City Transportation Systems (CTS) көлік компаниясы Астана LRT-да жолақысы қалай төленетінін айтқан еді.

CTS компаниясының хабарлауынша, Астана LRT үшін турникеттері бар жабық төлем жүйесі қарастырылған - платформаға тек төлем жасағаннан кейін ғана өтуге болады. Қысқаша айтқанда - метродағыдай.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 460.16   539.1   6.13 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер