"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнде - 21, 22 және 23 сәуірде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанадағы ауа райы
21 сәуір күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +19...+21 градус.
22 сәуір күн райы құбылмалы болады, күн соңында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +20...+22 градус.
23 сәуір күн райы құбылмалы болады, жаңбыр жауады, күндіз күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +15...+17 градус.
Алматыдағы ауа райы
21 сәуір күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +21...+23 градус.
22 сәуір күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +11...+13 градус, күндіз +24...+26 градус.
23 сәуір күн райы құбылмалы болады, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді, кешке қарай кей уақытта нөсер жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, кей кездері екпіні 15-18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +21...+23 градус.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Мәскеу аудандарынан келетін циклон мен оған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның бүкіл аумағында тұрақсыз ауа райын тудыратынын мәлімдеді.