23 қазан 2022 12:43

 ASTANA MUSICAL қойылымдары көне шаһарда

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елорда төріндегі Орталық Азиядағы тұңғыш Astana Musical мемлекеттік театрының сахна төріне шыққанына алты жылға жуық уақыт болды. Осы жылдар аралығында театр әртістері жаңа сахналық көріністерімен көрермендерін қуантудан еш жалыққан емес. Өнер ұжымы әдемі сазды әуен, хореография, актерлік шеберлік, акробатика секілді музыкалық-сахналық қойылымдарымен жақсы таныс. Осыдан бес жыл бұрын театр ұжымы Париж, Мәскеу, Брюссель, Вена және Берлин қалаларында халықаралық турне өткізіп, театр фестивалдеріне қатысты. 

Театр репертуарында этнофольклорлық, поэтикалық және ретро-хит әндерге негізделген мюзиклдері, эксперименталдық музыкалық және би перфомансы, сондай-ақ, балаларға арналған ертегі қойылымдары да бар. Тұңғыш рет қазақ тілінде қойылған әлемге әйгілі "Ромео мен Джульетта", одан бөлек Гиннестің рекордтар кітабына енген "Notre Dame de Paris" мюзиклдері сахналық қойылымдардың брендіне айналды десек артық айтқандай болмаспыз.

Жезтаңдай әнші, "Халық қаһарманы" Роза Бағланованың 100 жылдығын мерекелеу аясында "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы "Алматыдағы алтын күз "Қазақконцертпен" бірге" атты өнер фестивалін бастады. Іс-шара барысында эстрада әншілерінің қатысуымен "Алматым жүрегімде" атты гала-концерт өтті. Мерекелік кеш аясында мюзикл әртістері алдағы уақытта бірнеше қойылымдарды Алматылық көрермендерге тарту етеді. Атап айтатын болсақ, 25 қазан "Сиқырлы сазды хор-концерті", 26 қазан "№13", 28 қазан "Достар серті", 29 қазан "ЕНТ тапсырмаймын" және 30 қазан "Роза Бағланова" мюзиклдері қойылады.

Қойылымның барлығы музыкалық және театрландырылған сахналық жанр негізінде ұсынылады. "Сиқырлы сазды хор-концерті" бағдарламасында халық әндері, әлем мюзиклдерінің ариялары мен ретро шығармалары орындалса, №13" комедиясында бес жұлдызды қонақүйдің 13-нөмірінде құмарлыққа бой алдырған Ричард Уиллидің басынан өткен оқиғасы баяндалады. "Достар серті" мюзиклінде 1960-70-жылдары еліміздің әр өңірінен арман қуып, консерваторияға оқуға келген төрт абитуриент жігіттің қызықты өмірлері мен махаббат хикаялары сахналанды. "ЕНТ тапсырмаймын" қойылымы белгілі драматург Людмила Разумовскаяның "Қымбатты Елена Сергеевна" атты шығармасына негізделген болса, ал "Роза Бағланова" атты қойылымда әншінің балалық және жастық шағы, игі істері мен ерен жетістіктері шығармашылығының қайталанбас әлемін ашады. Іс-шара Республика күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылып отыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының баспасөз қызметі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети