30 сәуір 2015 16:30

Астанада 1 мамыр күні отшашу қай жерде болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астанада Бірлік күніне орай бес ауданда мерекелік отшашу болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада Бірлік күніне орай бес ауданда мерекелік отшашу болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласы Мәдениет басқармасының хабарлауынша, 1 мамырда қалада түрлі деңгейдегі 200-ден астам шара, соның ішінде 35 ірі мәдени шара өтеді.

Қазақстан халқының бірлігі күні аясында елордада "Бәйтерек" монументі, "Студенттік", "Ғашықтар" саябақтарында, қалалық әкімдік алдындағы алаңда, Есіл өзенінің жағалауында және "Жастар" сарайының алдында халықтық серуендер ұйымдастырылады. Аймақтық этномәдени бірлестіктер де өздерінің шығармашылық өнерлерін ортаға салады. Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған басты мерекелік шаралар қатарынан үш алаңда LED-мониторлар арқылы көрсетіледі.

Сонымен қатар, 1 мамыр күні қала тұрғындары үшін Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрында сағат 18.30-да және Горький атындағы орыс драма театрында сағат 18.00-де "Жұбайлар жұмбағы" мен "Ханума" атты сахналық қойылымдар көрсетіледі.

1 мамыр күні концерттік бағдарлама сағат 11.00-23.00 аралығында өтіп, отшашумен аяқталады. Атап айтқанда, түнгі отшашу Есіл өзенінің жағалауында, "Хан Шатыр" СОО аумағында, "Арман" дүкенінің маңындағы "Жас батыр" стадионында Music hall мейрамханасының жанында және Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысындағы гүлзарда атылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети