Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Астанада 10 күннен соң тұрғын үйлерге жылу беріледі

26 Қыркүйек 2014, 15:14
0
Фото ©Марат Әбілов
Фото ©Марат Әбілов

Астанада тұрғын үйлерге жылу беру маусымы 10 күннен кейін басталады. Бұл туралы жылу маусымына дайындық шараларына байланысты өткен жиында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Егер 28 қыркүйек күні күн суытатын болса, ауа температурасы төмендесе, жауын жауса, онда біз 29 қыркүйекте, яғни дүйсенбі күні жылу беруге дайынбыз. Сондықтан біз осы күнді ыңғайлап отырмыз (бұл ретте әңгіме әлеуметтік нысандар, ауруханаға балабақша, мектептерге байланысты айтылып отыр - Авт). Ал 10 күннен кейін біз тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ететін боламыз", - деді Тасмағамбетов. 

Оның айтуынша, қала биылғы жылыту маусымына іс жүзінде толық дайын. "Жылу беру қазірдің өзінде басталып кетті. Келесі аптадан бастап біз жылу беруді ұлғайтатын боламыз. Бұл ретте тұрғын үйлердің және әлеуметтік нысандардың саны көбейіп келеді. Негізі жылу беру маусымына дайындық жоспарларының барлық пункттері орындалды немесе бітудің сәл-ақ алдында тұр десек те болады", - деді әкім.  

Қала әкімі барлық аудан әкімдеріне тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ететін ұйым жетекшілерімен жиналыс өткізіп, осы ретте туындаған мәселелерді уақытылы әрі тиімді шешуге тапсырма берді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазірдің өзінде орталықтан жылытылатын 2 115 көппәтерлі тұрғын үйдің 2086-сының алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары аяқталып қойған. Бұл 99 пайызды құрайды. 

Еске сала кетейік, Астана қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген қаланы жылыту маусымына дайындау және оны өткізу ережелеріне сәйкес, сыртқы ауа температурасының орташа көрсеткіші 5 тәулік бойы +10°С және одан төмен болса, жылыту маусымын бастау туралы шешім қабылданады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай