16 шілде 2015 16:27

Астанада 20 метр биіктіктен құлап кеткен жұмысшылардың бірі ес-түссіз жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Барыс" ХК баспасөз қызметі © "Барыс" ХК баспасөз қызметі

Астанадағы Мұз сарайының құрылысы жүріп жатқан жерде 20 метр биіктіктен құлаған құрылысшылардың бірі ес-түссіз жатыр. Бұл туралы елорданың денсаулық сақтау басқармасындағылар мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанадағы Мұз сарайының құрылысы жүріп жатқан жерде 20 метр биіктіктен құлаған құрылысшылардың бірі ес-түссіз жатыр. Бұл туралы елорданың денсаулық сақтау басқармасындағылар мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басқармадағылардың айтуынша, 1969 жылы туылған монтаждаушы-жұмысшы Хойруш Хоти құрылғының көмегімен тыныс алып жатыр. "Церебрал жетіспеушілігінің салдарынан жалпы жағдайы - аса ауыр. Құрылғының көмегімен тыныстап, ес-түссіз жатыр", - деді басқармадағылар.

Дәрігерлердің мәліметінше, тексеру барысында ер адамның мойын тұсындағы екі омыртқаның сынуы, жамбастың жабық сынығы мен бас миының ісінгені анықталды.

Ер адам Тұран даңғылы бойындағы "Көп атқарымдық мұз сарайының" жаңа құрылыс нысанында болған қайғылы жағдайдан кейін №2 қалалық аураханаға тағы екі монтаждаушымен бірге жатқызылды, олардың барлығы Mabco Construction S.A. фирмасының Астана филиалында жұмыс істейді. Еске сала кетейік, 13 шілдеде Косовоның алты азаматы нысанды жөндеу жұмыстары кезінде 20 метр биіктіктен құлап кеткен болатын. Салдарынан үш монтаждаушы сол жерде, тағы біреуі ауруханада көз жұмды.

Екінші зардап шеккен жұмысшы - 1956 жылы туылған Бекқали Исуфтың №2 қалалық ауруханаға жеткізілгені хабарланды, оның қабырғалары, төс сүйегі және сол жақ жауырыны сынған. Сонымен қатар, оның көп жері жараланып, терісінің астында қанды ісік пайда болды. "14 шілдеде ол кеуде хирургиясы бөліміне ауыстырылды. Жағдайы тұрақты, операция жасау жоспарланып отыр", - дейді басқармадағылар.

Айта кетейік, қазір қалалық ІІД бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, арнайы комиссия құрылды, оның құрамында жұмысберушілердің өкілдері, еңбек ұжымы мен инспекциясының мүшелері бар. Арнайы тергеудің нәтижесі бір аптадан кейін дайын болады.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети