Астанада 33 градусқа дейін аяз болады

21 Желтоқсан 2016, 12:48
0
Астанада 33 градусқа дейін аяз болады - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Астанада осы жұма күні 33 градусқа дейін аяз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 21 желтоқсанда Астанада көшпелі бұлт шығып, қар жауады. "Түнде және таңертең бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы 9-14 м/с жетеді, түнде және таңертең 15-20 м/с дейін күшейеді. Ал сынап бағанасы түнде -13...-15 градусқа дейін төмендейді", - делінген елорданың сайтында.

22 желтоқсанда да осындай ауа райы сақталады, күн бұлтты, оқтын-оқтын қар жауады, бұрқасын тұрады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соққан жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -22-24 градус болса, күндіз -12-14 градус болады.

23 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады,қар жауады, бұрқасын тұрады. 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде -31-33 градус, ал күндіз -21-23 градусқа дейін барады.

Елорда әкімдігіндегілердің айтуынша, қазіргі уақытта елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Өткен тәулікте 20-21 желтоқсанда қала бойынша 2 093 арнайы техника жұмыс істеді. Қаланы қар мен мұздан санитарлық тазартуға 2 524 жол жұмыскері тартылған.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, желдің күшеюіне және жолдың нашар көрінуіне байланысты халықаралық тасжолдар мен республикалық маңыздағы магистральдарда енгізілген шектеу сақталуда.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай