20 наурыз 2023 11:53

Астанада әскери қызметші мұз астына құлап кеткен баланы құтқарды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшісі өзендегі мұз астына түсіп кеткен баланы құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшісі өзендегі мұз астына түсіп кеткен баланы құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 18 наурызда кешкі уақытта болған. "Алатау" спорт кешеніне бет алған Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметкері М.Розақов Ақбұлақ өзенінің жағалауынан көмек сұраған дауысты естіген.

"Көпірге жүгіріп шыққан ол өзенде мұз астына түсіп кеткен 2013 жылғы Р.Фатоевты көреді. Әскери қызметкер дер кезінде әрекет етіп, баланы судан алып шықты. Әскери қызметкер әйелінің шақыртуымен келген жедел жәрдем бригадасы баланы спорт кешенінің ғимаратында қарап шықты, содан кейін ол туысымен бірге қалалық медициналық мекемеге қосымша тексеру үшін жеткізілді, - деп хабарлады Мемлекеттік күзет қызметінен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети