Астана нөсер зардабын тартты: бірқатар көшеде көлшіктер пайда болып, қаланың кей аудандарында жарық өшті, кей жерлерде екпінді жел қоршаулар мен ағаштарды құлатты. Толығырақ - Tengrinews.kz материалында.
Елордада түс ауа дауылды жел соғып, кей жерлерде бұршақ аралас нөсер жауды.
Ауа райы күрт өзгерді: көшеде бара жатқан адамдар мұндай тосын жағдайды күтпегендіктен, көз түскен жерге тығылды.
Үлгермегендері барынша жүгірді.
Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев
"Апокалипсис" басталғаннан кейін көп ұзамай Tengrinews.kz оқырмандары қаланың кейбір аудандарында жарық өшкенін хабарлады.
Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев
"Астана-АЭК" баспасөз қызметі тілшімізге қатты жел мен жаңбыр салдарынан қаланың кейбір аудандарында апаттық ажырату болғанын хабарлады. Оңтүстік-Шығыс (оң жағалау) бөлігі мен Промышленный кенті жарықсыз қалды.
"Тұтынушылардың көпшілігіне резервтік электрмен жабдықтау схемалары қарастырылған. Абоненттердің бір бөлігі соған қосылды. Жергілікті жерлерде "Астана-АЭК" апаттық бригадалары жұмыс істеп жатыр. Мамандар электр беру желілері мен жабдықтарды тексеріп, зақымдануларды жойып, электр қуатын беруді қалпына келтіріп жатыр", - деп атап өтті компания өкілдері.
Сондай-ақ энергетиктер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанына және барлық тұтынушыға жарықты мүмкіндігінше тезірек беру үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанына сендірді.
Жел қоршаулар мен ағаштарды құлатты
Таяуда әлеуметтік желіде Тәуелсіздік даңғылы бойындағы Silk Way City сауда орталығы туралы жазба тараған болатын. Орталық атауында грамматикалық қате жіберіліп, кейін қате әріп пакетпен жабылған еді. Ал бүгін екпінді жел осы сауда орталығы қоршауын жақын маңда тұрған көліктердің үстіне құлатты.
Кейбір ағаштар қолайсыз ауа райына шыдай алмады.
Бәрі жүзіп жүр
Егер қазір әлеуметтік желілерге кіріп, іздеу жолағына "Астана" деп жазсаңыз, қала ішінде "жүзіп" жүрген жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер түсірілген ондаған жарияланымды көруге болады.
Кейбіреулер бүгін нағыз келеңсіздікке тап болды: көліктері су астында қалып қойды. Жүргізушілер мен жолаушылар жан сауғалап, көлік төбесіне шығып кеткен.
Астанадағы нөсер кәріздері проблемасы бірнеше жылдан бері айтылып келеді. Әр жолы қатты жаңбырдан кейін бір жерлер зардап шегеді: Тәуелсіздік, Момышұлы даңғылдары, Қошқарбаев, Тоқпанов көшелері.
Бұл жолы да Қалдаяқов, Нәжімеденов көшелері мен сол жағалаудың бір бөлігін су басты.
Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев
Ауа райы қандай болса да, шаруа күтпейді. Астаналықтардың болмысы осындай.
Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев
Күтпеген жерден пайда болған "Венецияның" ортасында қалып қойған адамдар көліктен түсіп, аяқ киімдерін шешіп жатты. Ал кейбірі резеңке етік немесе ескекаяқ киіп алған болар...
Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев
...және қалай шығу керектігін бірлесе ойластырды.
Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев
Кейбір адамдар "үлкен суға" автобус ішінде тап болды.
Елордалық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, дауылдан кейін медициналық көмекке ешкім жүгінбеген. Дегенмен мына кадрларға қарап, бұған сену қиын. Бұл жерде кем дегенде психологтың көмегі қажет болуы мүмкін.
Астананың кейбір тұрғын үй кешендері де "су астында" қалды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Ал мынау - қолайсыз ауа райында жол полициясының қалай жұмыс істегені.
Астанада “Титаниктегі“ көрініс қайталанды
Әкімдік не дейді?
Астана әкімдігі нөсер жауынға байланысты елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Нөсер кәрізі мен тазарту құрылғылары судың үлкен көлемін қабылдап жатыр.
Қала әкімдігі мәліметінше, кейбір учаскелерде "уақытша су жиналу жағдайлары" болған. Орташа алғанда, нөсер кәрізі мұндай жауын-шашын көлемін жаңбыр тоқтағаннан кейін 40-60 минут ішінде өткізіп үлгереді.
Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев
Сонымен қатар әкімдік коммуналдық қызметтер коллекторлар мен жаңбыр қабылдағыштарды тұрақты тазалап, құбырларды жуып, сондай-ақ нөсер кәрізінің жаңа учаскелері мен тазарту құрылғыларын салып жатқанын атап өтті.
Оқиға орнында түсірілген кадрларға қарағанда, коммуналдық қызметкерлер мен құтқарушылар расында күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев
Синоптиктердің болжамы бойынша, жақын күндері Астанада жаңбыр жауады.
Жауын-шашын 26 шілдеде ғана тоқтайды.