23 қараша 2016 12:33

Астанада "Бәйтерек" монументі жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Бәйтерек" монументі жөндеу жұмыстарына жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана Бәйтерек" АҚ-ға сілтеме жасап. 


"Бәйтерек" монументі жөндеу жұмыстарына жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана Бәйтерек" АҚ-ға сілтеме жасап. 

EXPO-2017 көрмесі қарсаңында "Бәйтерек" монументінің күрделі жөндеуден өтетіні белгілі болды. 

"Жөндеу жұмыстары 2017 жылдың басына, үш ай мерзімге жоспарланып отыр", - делінген "Астана Бәйтерек" ЖШС-дан редакцияның сауалына берілген жауапта. 

Хабарламада монумент "шары" көп қабатты шыныпакеттен жасалғаны және ол уақыт өте ауа температурасының ауытқулары әсерімен шытынайтыны, сол себепті ауыстырылып тұратыны айтылған. 

Сонымен қатар, шыныпакеттердің ішкі қабаттары тек ауа температурасынан емес, шайқылып тұрудан да бүлінеді еке. "Шайқалудан бір рет шытынаған. Шардың шайқалу амплитудасы 70 сантиметр. Біз шытынаған жерлерді үнемі ауыстырып тұрамыз. Бүгінде жөнделетін жұмыс көлемі артып кеткендіктен, монументті күрделі жөндеуден өткізу шешімі қабылданды", - дейді "Астана-Бәйтерек" ЖШС директорының орынбасары Хасен Латыпов.

"Астана-Бәйтерек" ЖШС өкілдері жөндеу жұмыстары мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілетінін атап өтті.

"Бәйтерек" монументі - металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл "терек" сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады.Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін "хамелеон" әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды."Бәйтерек" - қазіргі Қазақстанның нышан-символы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети