Астанада БҰҰ алаңында халықаралық қауіпсіздікті нығайту мен қазақстандық бастамалар аясын кеңейту талқыланды

20 Желтоқсан 2018, 13:04
0
Астанада БҰҰ алаңында халықаралық қауіпсіздікті нығайту мен қазақстандық бастамалар аясын кеңейту талқыланды -

Астанада сарапшылар БҰҰ алаңында халықаралық қауіпсіздікті нығайту мен қазақстандық бастамалар аясын кеңейту қажеттілігін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Астанада өлімге әкелетін қару-жарақтың автономды жүйесіне (АСОЛД) заңды түрде тосқауыл қою мәселелері талқыланды. Шара Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығымен, "Соғыс роботтарына тыйым салу кампаниясы" үкіметтік емес ұйымдары халықаралық коалициясының қолдауымен (Campaign to Stop Killer Robots,www.stopkillerrobots.org), халықаралық қауіпсіздікті нығайту мен қарусыздандыру салаларындағы Қазақстанның стратегиялық бастамаларын насихаттау аясында ұйымдастырылып отыр.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығының басшысы Әлімжан Ахметов атап өткендей, өлімге әкелетін қару-жарақтың автономды жүйесіне заңды түрде тосқауыл қою мәселесінің өзектілігі күн сайын артуда. Оның сөзінше, қарусыздандыру мәселесі жөнінде БҰҰ алаңында белсенді әрі жауапты орынға ие Қазақстан қарудың мұндай түрін адамдардың бақылауында ұстауды сақтау бойынша заңды құралдарды әзірлеп шығаруға айтарлықтай септесе алады.

Қазіргі уақытта БҰҰ-ның адамзатқа қарсы қару Конвенциясы аясында АСОЛД мәселелері бойынша үкіметтік сарапшылар тобы сессиялық негізде жұмыс істеуде. Оның негізгі мақсаты - қарудың жаңа түрлерін қолдану мен шығаруды бақылаудың тиісті механизмін енгізу бойынша БҰҰ мүше-мемлекеттеріне ұсыныс дайындау.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың пікірінше, олардың қатарында алдыңғы қатарлы аналитикалық және әскери зерттеу орталықтары, академиялық орта мен құзырлы мемлекеттік органдар өкілдері бар, Қазақстан қарудың жаңа түріне превентивті тосқауыл қою бойынша белсенді түрде қарсы шығып жүрген мемлекеттерге қосылуы керек (Австрия, Бразилия, Чили және т.б., барлығы 28 мемлекет), себебі әскери салада жасанды интеллекті қолдану халықаралық гуманитарлық құқық дағдарысына ұласып ғана қоймай, сонымен қатар, жалпы адамзат өміріне қауіп төндіреді, ал бұл мәселенің өзектілігі алдағы 10-20 жылда айқындала түспек.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай