Астанада EXPO кезінде шоу өткізуге қанша қаражат жұмсалады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мәдениет және спорт министрлігінің Астанада EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізу аясында іс-шараларды өткізуге қанша ақша жұмсайтыны белгілі болды. Ведомство басшысы баспасөз конференциясы барысында қанша қаражат кететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мәдениет және спорт министрлігінің Астанада EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізу аясында іс-шараларды өткізуге қанша ақша жұмсайтыны белгілі болды. Ведомство басшысы баспасөз конференциясы барысында қанша қаражат кететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта барлық мәдени-спорттық шараға 9 миллиард теңге жұмсалайын деп тұр. Бұл қаражаттың 90 пайызы біздің қазақстандық топтардың іс-шараларын ұйымдастыруға бағытталған. Қазақстандық шығармашылық топтардың концерттерін өз мойнымызға аламыз", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы бұл сомаға Димаш Құдайбергеннің концертін ұйымдастыруға жұмсалатын ақшаның қосылғанын айта отырып.

Ал қаражаттың қалған 10 пайызы, оның айтуынша, шетелдік іс-шараларды ұйымдастыруға көмек ретінде жұмсалады. Министр ақшаның ішкі шығындарға, яғни, шетелдік қатысушылардың тұратын жері, концерт пен көрмелерді өткізуге болатын жерлерді ұйымдастыруға жұмсалатынын айтты.

Министр мұндай шаралардың қатарына "Ла Скала" театрының келуін, Пласидо Домингомен "Опералия" байқауын ұйымдастыруды, Мариинск театрының өнері, Эрмитаждың "Оружейное искусство" жаңа топтамасы, "Мәскеу-Астана-Бейжің" ралли-шоуы мен басқа да іс-шараларды қосты.

Еске сала кетейік, осыған дейін министр Димаш Құдайбергеннің Астанада Лара Фабианмен бірге ән салатынын айтқан болатын. "Біз қазір келіссөздерді белсенді жүргізіп жатырмыз, Лара Фабианмен және ағайынды Меладзелермен келісім бар, басқа қатысушылармен де келіссөз жүргізіп жатырмыз. Басты фигура - Димаш Құдайберген. Біз онымен қуана-қуана бірге ән салатын орындаушыларды шақырамыз. Меніңше, екі апта ішінде барлық техникалық мәселені реттейміз. Қарапайым ғана жеке концерт емес, үлкен шоу өткізгіміз келеді", - деген еді министр.

Рианна Астанада өнер көрсетуі үшін қанша қаражат қажет?

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.65  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer