16 қараша 2022 13:19

Астанада иттер мен мысықтарды чиптеу тегін жүргізіледі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Астанада иттер мен мысықтарды чиптеу тегін жүргізіледі. Мұны 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тегін жасауға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Астанада иттер мен мысықтарды чиптеу тегін жүргізіледі. Мұны 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тегін жасауға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордадағы иттер мен мысықтар "Астана ветсервисінде" TANBA жануарларды есепке алудың ақпараттық жүйесінде міндетті тіркеуден өтуі тиіс, делінген хабарламада.

2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін өз үй жануарларын чиптеуге және олардың деректерін Астанадағы бірыңғай базаға тегін енгізуге болады. Одан кейін қызмет ақылы болады, оны ветеринарлық клиникалар көрсетеді.

Қазір үй жануарлары ақысыз негізде келесі мекенжайлар бойынша чиптеледі:

  • Байқоңыр ауданы, Ақсүмбе ауылы, ғимарат.1 (А. Пушкин көшесі), тел. +7 (707) 587 44 73
    жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 18.00-ге дейін (түскі ас 13.00-ден 14.00-ге дейін), сенбі 9.00-ден 13.00-ге дейін;
  • Сарыарқа ауданы, 20-40 көшесі, ғимарат.2/1 (Арнайы ХҚКО), Тел. +7 (747) 623 53 57
    жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма 9:00-ден 18:00-ге дейін(түскі ас 13:00-14:00), сенбі 9:00-ден 13:00-ге дейін.

Иттерді тіркеу 1 қарашадан басталды, мысықтар 2022 жылдың 1 желтоқсанынан бастап чиптеле бастайды. 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап иттер мен мысықтардың иелері міндетті түрде үй жануарларын тіркеуге міндетті болады, әйтпесе оларға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети