Астанада қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орнына айналатын жаңа "Самал" саябағы ашылады. Жоба әл-Фараби, Керей-Жәнібек хандар көшелері мен Бұқар жырау даңғылы аумағында жүзеге асырылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әкімдіктің мәліметінше, жаңа саябақты салу үшін жеке инвестициялар тартылған.
Ол біртұтас қоғамдық кеңістіктің бөлігіне айналады. Екі учаске біріктіріліп, саябақ кластерін құрайды.
Аумақта серуендеу бағыттары, демалыс аймақтары, заманауи балалар алаңдары, сондай-ақ тоған, көпірлер мен бақылау нүктелері қарастырылған.
Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова
Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова
Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова
Абаттандыру жұмыстары жалғасып жатқанына қарамастан, саябақ серуендеуге ашық. Балалар алаңында бүлдіршіндер ойнап жүрсе, велосипедшілер памп-тректі - толқындар, төмпешіктер мен иілімдерден тұратын арнайы велосипед жолын сынап көріп жатыр.
Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова
Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова
Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова
Сондай-ақ мұнда скейт тебуге арналған алаңдар орнатылған. Бұдан бөлек баскетбол, теннис және футбол ойнауға арналған спорттық аймақтар бар.
Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова
Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова
Спорт алаңдарынан алыс емес жерде шағын воркаут алаңы орналасқан.
Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова
Сонымен қатар қыста мұз айдынына айналатын көпфункционалды спорт алаңы да қарастырылған.
Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова
Аумақ толықтай ағашпен көмкерілген. Саябақтың түкпір-түкпірінде демалуға және кітап оқуға арналған орындықтар мен ашық типтегі ағаш қалқалар қойылған.
Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова
Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова
Әкімдік "Самал" саябағы тұрғын үй ортасына үйлесімді түрде еніп, қалалықтардың серуендейтін, тынығатын және тілдесетін орнына айналады деп жоспарлап отыр. Саябақтың ашылуы осы жылға жоспарланған.
Бұған дейін Астанада "Мыңжылдық" аллеясындағы жұмыстардың бірінші кезеңі басталған. Қалалық ортаны дамытуға бағытталған бұл жоба елордадағы ең ірі нысандардың бірі болмақ: болашақ аллеяның ұзындығы 4 шақырымнан асады. Құрылыстың егжей-тегжейі мен алғашқы суреттерін сілтеме арқылы көре аласыз.