22 мамыр 2014 18:02

Астанада жас отбасыларға арналған баспанаға құжат қабылдау науқаны басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©money.gazeta.kz ©money.gazeta.kz

Астанада жас отбасыларға арналған баспанаға құжат қабылдау науқаны маусымның 2-сі күні басталып, 14-іне дейін жалғасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі қалалық тұрғын-үй басқармасының басшысы Серік Оспановқа сілтеме жасап.


Астанада жас отбасыларға арналған баспанаға құжат қабылдау науқаны маусымның 2-сі күні басталып, 14-іне дейін жалғасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі қалалық тұрғын-үй басқармасының басшысы Серік Оспановқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, "Қолжетімді баспана" бағдарламасының осы бір бағыты бойынша, кем дегенде, екі жыл бойы некеде тұрған жұптар құжат тапсыра алады. Олардың жасы 29-дан аспауы тиіс. Ережеге сәйкес, құжатты тапсырған күнге дейін арыз беруші 29-ға толмаса болды. Сондай-ақ жалдамалы баспанаға баланы өздігімен тәрбиелеп жатқан ата-аналар қатыса алады. Алайда барлығының Астанадағы жергілікті тіркеу мерзімі екі жылдан артық болуы шарт.

"Биыл жас отбасылар үшін Астана әкімдігі 672 пәтерді пайдалануға береді. Соның ішінде 134 бір бөлмелі, 380 екі бөлмелі және 158 үш бөлмелі пәтер бар. Бағасы - бір шаршы метріне 120 мың теңге. Үйлер Тілендиев пен Сарайшық көшелеріне жақын жерде орналасады. Бағдарламаға қатысу үшін барлық құжаттарды халыққа қызмет көрсету орталықтарына тапсыру қажет. Бұл - жеке куәлік, неке туралы куәлік, жылжымайтын мүліктің жоқтығын растайтын анықтама және мекен-жай анықтамасы", - дейді С.Оспанов.

Ал үміткерлдерді іріктеу жұмысы ұпай санына қарай жүргізіледі. Мәселен, бір балаға - 20 ұпай, екінші балаға - 30 ұпай, отбасының бір өкілі ауыр сырқаттанып жүрсе, қосымша - 10 ұпай, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың біреуі кәмелеттік жасқа толмай тұрып, ата-анасынан айырылса, тағы 10 ұпай беріледі. Тізімге енген барлық азаматтардың есімдері Астананың ресми сайтында жарияланады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети