10 қаңтар 2024 16:22

Астанада жауған қар айлық нормадан асып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Надежда Лыкова Фото ©️ Tengrinews.kz / Надежда Лыкова

Бір тәулікке созылған аяздан кейін Астанада қарлы боран қайта басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бір тәулікке созылған аяздан кейін Астанада қарлы боран қайта басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таңертең қалың қар басталды. Қалада ескерту жарияланып, екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді.

Фото ©️ Tengrinews.kz / Надежда Лыкова

Қазгидромет мәліметінше, Астанада қар мөлшері айлық нормадан асып кетті.

"Астанада 10 қаңтарда бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (негізінен қар), боран болады. Күндіз көктайғақ. Оңтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-шығыс жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде -16-18, күндіз -1-3 аяз", - делінген хабарламада.

Фото ©️ Tengrinews.kz / Надежда Лыкова

Астанада 1600-ден аса арнайы техника мен 2400-ден аса жол жұмысшы күндізгі ауысымда көшелерді қардан тазартуға шыққан.

"Жауын-шашынның мол болуына байланысты қарды тазарту жұмысы тәулік бойы жүргізіліп жатыр. 9 қаңтардан 10 қаңтарға қараған түні шамамен 50 мың текше метр қар шығарылды, бұл 3444 жүк рейсіне тең. Қыс мезгілінің басынан бастап елордада 1 654 224 текше метр қар шығарылды, бұл 121 мыңнан астам ауыр жүк рейсін құрайды. Қалада жиналған қар арнайы полигондарға шығарылады. Елордада бірнеше жабдықталған қар полигоны жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған", - делінген қала әкімдігі хабарламасында.

Фото ©️ Tengrinews.kz / Надежда Лыкова

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети