20 маусым 2024 10:29

Астанада Қабанбай батыр даңғылының тағы бір учаскесі толығымен жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанада Қабанбай батыр даңғылының тағы бір бөлігі толығымен жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.


Астанада Қабанбай батыр даңғылының тағы бір бөлігі толығымен жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

"Астана Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Орынбор көшесінен Бұқар Жырау көшесіне дейінгі учаскеде Қабанбай батыр даңғылында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлады.

Осыған байланысты 20 маусым сағат 07:00-ден 22 маусым сағат 7:00-ге дейін осы учаске толығымен жабылады (оның ішінде Орынбор көшесі-Қабанбай батыр даңғылы қиылысы).

"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсінікпен қарауды өтінеміз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.66   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети