25 қараша 2022 16:48

Астанада қар тазалауға 2,5 мыңға жуық жұмысшы шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада қар тазалауға 2,5 мыңға жуық жұмысшы шықты. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада қар тазалауға 2,5 мыңға жуық жұмысшы шықты. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметінше, елордада коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді.

"Осы уақыт ішінде қаладан 200 мың текше метр қар шығарылды. 25 қарашада таңертең қала көшелерін қар мен мұздан тазартуға 2,5 мыңға жуық жол жұмысшылары мен мыңнан аса арнайы техника шықты. 24-25 қарашаға қараған түні қаладағы коммуналдық қызметтердің күшімен 5 мың текше метрден астам қар жиналып, полигондарға шығарылды, бұл 500-ге жуық рейс", - делінген хабарламада.

Қыс мезгілінің басынан бастап елордадан 200 мың текше метрге жуық қар шығарылды, бұл 15 мыңнан астам ауыр жүк көлігі көлеміне тең.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети