01 желтоқсан 2014 15:07

Астанада Қазақстан Президенті штандарттары көтерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото akorda.kz сайтынан алынды Фото akorda.kz сайтынан алынды

Астанада өткен мерекелік шара барысында Қазақстан Президенті штандарттары көтерілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада өткен мерекелік шара барысында Қазақстан Президенті штандарттары көтерілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға қатысушылармен кеңескен Мемлекет Басшысы еліміздің тәуелсіздік тарихында алғаш рет Мемлекеттік күзет қызметі құрылғанын атап өтті. "Сіздер тәуелсіздігімізді нығайтуға қатысып отырсыздар және мемлекеттік тетіктердің қалыпты жұмыс істеуі үшін түрлі қауіп-қатерлерге де қарсы тұрасыздар, көпшілік байқамауы мүмкін алайда сіздер өте жауапты қызметтер атқарып келесіздер. Жүктелген міндеттерді ойдағыдай орындау үшін тәртіп керек, ал ол үшін сіздердің бойларыңызда күш-жігер мен моральдық дайындық қатар болуы тиіс. Мен Сіздердің сенімнен шығатындарыңа сенімдімін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол сондай-ақ, осыдан 23 жыл бұрын қазақстандықтар алғаш рет жалпыхалықтық сайлауда өз Мемлекет Басшысын таңдап алған болатын. "Тұрғындардың басымкөпшілігі артқан сенімнің арқасында мен 16-шы желтоқсанды еліміздің тәуелсіздік күні деп жарияладым. Сол себепті Тұңғыш президент күні мен алда келе жатқан ұлттық мереке - Тәуелсіздік күні арасында тығыз байланыс бар", - деді Назарбаев.

Сөз соңында Мемлекет Басшысы офицерлерге мықты денсаулық, отан алдындағы қастерлі қызметте табыс тіледі. Қазақстан президенті штандарты резиденция алдындағы орталық флагштокқа Мемлекеттік әнұран әуенімен көтерілді. Ақорда алдындағы алаңда парадтық көрініс өтті.

Бүгін қазақстандықтар Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті күнін атап өтті. Желтоқсанның 1-і күні бүкіл еліміз бойынша салтанатты шаралар өтіп жатыр. Еске саламыз, Тұңғыш Президент күні деп атап өтуге 1991 жылы дәл осы күні жалпыхалықтық сайлауда қазіргі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 98,7 пайыз дауысын жинап, жеңіске жеткен болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети