18 мамыр 2024 15:20

Кілтті жоғалтып алғаны үшін әйелін ұрып-соққан: ер адам қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр

Тұрғын үйдің кіреберісінде кілтті жоғалтып алғаны үшін әйелімен жанжалдасқан ер адам ұсталды. Павлодардың әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соты 28 жастағы тұрғынға қатысты әкімшілік істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Тұрғын үйдің кіреберісінде кілтті жоғалтып алғаны үшін әйелімен жанжалдасқан ер адам ұсталды. Павлодардың әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соты 28 жастағы тұрғынға қатысты әкімшілік істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотта ер адам әйелімен кикілжің пәтер кілтін жоғалтқандықтан туындағанын айтты.

"Жанжал кезінде ол қатты айғайлап, әдепсіз сөздер айтып, оның бетінен ұрып-соққан. Ол өзінің әрекетінін, боқтағанын және жанжал шығарғанын қызуқандылыққа салынғанымен түсіндірді", - делінген соттың қаулысында.

Павлодарлық сотта күйеуімен татуласқанын, оған ешқандай талабы жоқ екенін айтты. Әйел сот-медициналық сараптамадан өтуден де бас тартқан.

Соттың мәліметінше, ер адам осыған дейін тыныштықты бұзғаны үшін төрт рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сот асырауында кәмелетке толмаған баланың болуын жеңілдететін мән-жай деп таныды.

"Б.-ның айыбы оның кінәсін мойындауымен, оның әйелі, полиция инспекторының айғақтарымен және бейнежазбамен дәлелденді, сот оны кінәлі деп танып, бес тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды", - делінген Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты таратқан хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Алматыда қойма өртенді

Валюта бағамы

 451.28   490.7   5.06 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети