Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Астанада көпір аркасына шығып алғандарға айыппұл салынды

06 Қазан 2016, 16:25
0
© motor.kz
© motor.kz

Астанада көпір аркасына шығып алғандарға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.

"3 қазанда шамамен сағат 20.30-да Астана қалалық ІІД Жедел басқару орталығының 102 пультіне белгісіз азаматтардың Қабанбай батыр көшесінде орналасқан автокөлік көпірінің аркасына шығып алғаны жайлы хабарлама келіп түсті", - деп хабарлады жергілікті полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Оқиға орнына автопатруль барды. Астана қаласының 1988 жылғы және 1995 жылғы тұрғындары ұсталды. Азаматтардан жауап алу кезінде олар аркага шығу себебін қала көрінісін жоғарыдан көргісі келгендерімен түсіндірген.

"Ер адамдардың бұл әрекеті ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни ұсақ бұзақылық ретінде тіркелді. Ереже бұзушыларға қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді. 28 жастағы және 21 жастағы азаматқа 10 айлық есептік көрсеткіш ретінде (21 210 теңге) айыппұл салынды", - деді жергілікті полиция қызметінің баспасөз қызметіндегілер.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай