Астанада көшеде дәрет сындырғандар сотталды

10 Шілде 2014, 15:15
0
©Egov.kz
©Egov.kz

Бүгін Астана қалалық соты қоғамдық тәртіпті бұзған 60-тан астам адамға қатысты шешім шығарды. Олардың ішінде былапыт сөйлегендер, шемішке шаққандар, тіпті жұрттың көзінше дәрет сындырғандар да бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі 24 KZ телеарнасына сілтеме жасап. 

Судья тәртіп бұзған азаматтарды бір-бірлеп шақырып, әрбіреуіне 2 минут ішінде жаза тағайындап отырды. Басқаға мысал ету үшін сот процесіне студенттер де қатыстырылды. Тәртіп бұзушылар көшеге темекі тұқылын тастап, қоқыс шашып, тіпті, жұрттың көзінше дәрет сындырған. Араларында шемішке шағам деп басы дауға қалғандары бар. Заң бойынша қоғамдық жерде дәрет сындырғандар 10 күнге қамалады. Былапыт сөйлеп, шемішке шаққандар үшін де түрмеге отырғызу жазасы қарастырылған. 

"Осындай ашық сот процестерін жоғары оқу орындарында қоғамның қатысуымен жиі өткізіп тұрамыз. Бұл алдағы уақытта ескерту ретінде және құқық бұзушыларды азайту мақсатында жасалуда", - дейді Астана қалалық арнайы ауданаралық сотының судьясы Қанат Иманәлиев. 


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай