"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде – 25, 26 және 27 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы ауа райы болжамы
25 сәуірде көшпелі бұлт шығады, күн соңында жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +9...+11, күндіз +24...+26 градус болады.
26 сәуірде көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +5...+7, күндіз +13...+15 градус болады.
27 сәуірде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +1...+3, күндіз +12...+14 градус болады.
Алматыдағы ауа райы болжамы
25 сәуірде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +9...+11, күндіз +22...+24 градус болады.
26 сәуірде көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8, екпіні 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +10...+12, күндіз +24...+26 градус болады.
27 сәуірде көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8, екпіні 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +12...+14, күндіз +18...+20 градус болады.
Қар мен үсік
Бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейтінін, солтүстікте жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болатынын хабарлаған болатын. 26 сәуірде батыста және солтүстік-батыста, 27 сәуірде еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде үсік жүреді. Толығырақ мына жерден оқыңыз.