Мәңгілік Ел даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
19-25 сәуір аралығында Мәңгілік Ел даңғылының учаскесінде Сарайшық/Мәңгілік Ел көшелерінің қиылысындағы көлік айрығынан Ф.Оңғарсынова көшесіне дейін жол төсемінің жоғарғы қабатын ауыстыру бойынша жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіледі.
"Осыған байланысты аталған кезеңде жол учаскесі ішінара жабылады. Қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша ұйымдастырылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан ықтимал кептелістер мен уақытша қолайсыздықтарға тап болмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлағаны жөн", - делінген хабарламада.
Биыл қалада барлығы 60-тан астам көше жөнделеді. Олардың ішінде:
- Жаңақоныс көшесі А. Кенжиннен Д. Бабатайұлына дейін;
- Қарталы көшесі Оқжетпес көшесінен М. Дулатов көшесіне дейін;
- Алаштас жолы 191-көшеден айналма жолға дейін;
- Қорғалжын тасжолы (тротуарлар орнату)
- Абылайхан даңғылы Б. Момышұлы даңғылынан Манас көшесіне дейін;
- Жұмабаев көшесі Б. Момышұлынан Қошқарбаев даңғылына дейін;
- С.Сейфуллин көшесі Сарыарқа даңғылынан Республика даңғылына дейін және т.б.
Сондай-ақ, құрылыс аясында жобаларды іске асыру жоспарланған:
- Қ.Қайсенов көшесін Бұқар жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін салу;
- Бұқар жырау көшесін Жошы хан көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін салу;
- Мирас мектебінен М.Жұмабаев көшесіне дейін Күйші Дина көшесінің құрылысы және т.б.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!