14 маусым 2023 17:06

Астанада мас жүргізушінің кесірінен жол апаты болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Момышұлы даңғылында мас жүргізушінің кесірінен екі көлік аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада Момышұлы даңғылында мас жүргізушінің кесірінен екі көлік аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апатының 14 маусым күні сағат 09:46 шамасында болғанын хабарлады.

"Тойота көлігін басқарған 23 жастағы жүргізуші Момышұлы даңғылымен Қордай көшесі жағынан Абылайхан даңғылының қиылысында келе жатып, Chevrolet Cobalt көлігімен соқтығысып, салдарынан екі көлік аударылып қалды", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты салдарынан Chevrolet Cobalt жүргізушісі мен Toyota жолаушысы зардап шекті, олар дәрігердің қарауынан кейін үйлеріне жіберілді.

"Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, Toyota көлігінің жүргізушісі мас күйде болған. Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді полиция қызметкері.

Астана полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети