17 қараша 2016 10:03

Астанада мектеп оқушыларының сабағы тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Астанада ауа райының жайсыздығына байланысты І ауысымдағы 1-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Астана қаласының ресми сайтында жарияланған.


Астанада ауа райының жайсыздығына байланысты І ауысымдағы 1-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Астана қаласының ресми сайтында жарияланған.

"Білім басқармасының шешімі бойынша 16 қарашада ауа райының қолайсыздығы мен қатты аязға байланысты қала мектептерінің I ауысымдағы 1-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды", - делінген сайтта жарияланған хабарландыруда.

Еске салайық, "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2016 жылдың 17-19 қарашасына арналған болжам жасаған болатын.

"Аномальды аяз Қазақстанның солтүстік пен шығыс облыстарына орнықты. Орташа тәуліктік ауа температурасы бұл аудандарда осы кезең үшін климаттық нормадан 10-18 градус төмен. Мұндай аяз Кар теңізі үстінде қалыптасқан салқын және қатты антициклонның әсерінен болуда", - делінген синоптиктердің хабарында.

Сонымен қатар, антициклонмен республика аумағына арктикалық ауа ағыны келуде, сондықтан минималды температура 30-36 градус аязға дейін төмендеді. Осындай синоптикалық жағдай алдағы үш тәулікте сақталады, ал орталық пен шығыста түнгі температураның әрі қарай төмендеуі, жекелеген аудандарда 40 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында суық фронттың әсерінен жауын-шашын, қар және температураның әрі қарай төмендеуі күтіледі екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети