05 қыркүйек 2018 15:20

Астанада оқушылар көлік картасын мектептен ала алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Астана LRT" ЖШС орталық кассасында бейберекетке байланысты атаулы мектеп көлік карталары оқу орындарында беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана LRT" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


"Астана LRT" ЖШС орталық кассасында бейберекетке байланысты атаулы мектеп көлік карталары оқу орындарында беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана LRT" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқушының ата-анасы немесе қамқоршысы Қажымұқан көшесі, 14-үй мекенжайында орналасқан "Астана LRT" ЖШС орталық кассасында анкета толтыру тиіс. Арыз бес жұмыс күнінде қарастырылады. Компаниядағылардың айтуынша, дайын болған кезде оқушы не ата-анаға телефон арқылы хабарланады. 

"Дайын карта мектепке оқушыға келеді. Оның сынып жетекшісі тапсырады. Бұл арыздың көшірмесі болмайды. Карта бір рет беріледі және қарапайым көлік картасы секілді ақша толтырылады. Жыл сайын қайта шығарудың қажеті жоқ", - деді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Сондай-ақ, transcard.kz сайт арқылы онлайн сұраныс беруге болады. Алайда ол кезде картаны алу үшін орталық кассаға келу қажет. Карта кезектен тыс беріледі. 

Айта кетейік, соңғы екі күнде "Астана LRT" ЖШС орталық кассаларында ұзын сонар кезек туындаған. Себеп - оқушының көлік картасын алу. 

2018 жылы 21 шілдеден бастап қоғамдық көлікте жол жүру ақысы көлік картасы арқылы - 90 теңге, ақшалай - 180 теңге, балалар үшін (7-ден 15-ке дейін) 40 және 90 теңге. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети