27 қазан 2016 15:48

Астанада сотталып шыққандарды елордаға кіргізбеу ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин бұрынғы сотталғандарды елордаға кіргізбеуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин бұрынғы сотталғандарды елордаға кіргізбеуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің ойымызша, Бас прокуратурадағыларға, ІІМ өкілдеріне және денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіндегілерге 1 қаңтар мен 2017 жылдың 1 қазанына дейінгі аралықта Астана қаласына түрмеден келген сотталғандарды кіргізбеу мәселесін қарастыру қажет", - деді ол EXPO-2017 көрмесіне дайындық бойынша отырыста.

"Сотталғандар мен аса қауіпті қылмыскерлердің барлығы Астана қаласына келеді. Олардың өмірге деген көзқарасы мен психологиясын ескере отырып, олардың қайта қылмыс жасауы мүмкін екенін айтуға әбден болады", - деді Лукин.

Сонымен қатар, Астана билігіндегілер шетелден келген жұмыс күштеріне қатысты заңнаманы қатаң тәртіпке алудың маңыздылығын айтып өтті. "Қазіргі уақытта EXPO, Әбу-Даби-Плаза құрылыс кешендерінде Пәкістан, Сирия, Ирак азаматтары жұмыс істеп жатыр. Шетел азаматтарын жұмысқа тарту елімізде түрлі террористік топтардың құрылуына және терактілерге әкеп соғады", - деді әкімнің орынбасары.

Оның айтуынша, EXPO-2017 көрмесі кезінде қаланы қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін 7,5 мың адамды жұмылдыру жоспарланып отыр. Олардың ішінде ішкі істер органдарынан бес мыңнан аса адам, Қорғаныс министрлігіндегі 1,5 мың әскери қызметкер мен жекешелеген күзет ұйымдарының 600 жұмысшысы бар.

Сондай-ақ, Астанада 2,5 мыңнан аса бейнебақылау камерасының орнатылатыны айтылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети