25 мамыр 2016 10:53

Астанада тегін пәтер берілетіні туралы хабарламаны таратты делінген күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Астананың 30 жастағы тұрғынын ҚР Қылмыстық кодексінің 247-бабы бойынша жалған ақпарат таратты деген күдікпен ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"23 мамырда Астана тұрғындарының ұялы телефондарына қалада 2009 жылға арналған Мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтерлердің беріліп жатқанын және тұрғындардың қалалық әкімдікте 6 шілдеде сағат 16-00-де құжаттармен келуі керек деген хабарлама түскен. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бабы бойынша тергеу басталды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар, ұсталған күдіктің ұялы телефонынан сим-картасы алынды. Тергеу барысында күдіктінің осыған дейін "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды", - деді Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети