30 қараша 2015 14:59

Астанада Tengrinews.kz фотографы Назарбаевтың ең үздік суреттерін ұсынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада Tengrinews.kz фотографы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ең үздік кадрларын ұсынады. Тұрар Қазанғаповтың көрмесі 1 желтоқсан күні "MEGA Astana" сауда және ойын-сауық орталығында (2-қабат) өтеді. Көрме сағат 15.00-де басталады.


Астанада Tengrinews.kz фотографы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ең үздік кадрларын ұсынады. Тұрар Қазанғаповтың көрмесі 1 желтоқсан күні "MEGA Astana" сауда және ойын-сауық орталығында (2-қабат) өтеді. Көрме сағат 15.00-де басталады.

Автордың айтуынша, көрмеде Президенттің қатысуымен түсірілген 20 сурет көрсетіледі. Фотограф Нұрсұлтан Назарбаевты ерекше жағдайларда түсірген. "Біз сайттар мен теледидарлардан Президентті бір қырынан ғана көреміз. Мен оның қатал, күлген сәттерін таңдауға тырыстым", - деді Тұрар Қазанғапов.

Тұрар Қазанғапов түсірілім кезінде ешқандай қиындық болмағанын айтты. "Президентті кадрда "ұстап алу" қиын емес. Қиыны - оның көңіл-күйін жеткізу", - деді ол.

Қазанғапов Назарбаев бейнеленген өзінің ең сүйікті суретін әзірше таңдаған жоқ. "Мүмкін, мен оны бүгін түсірермін, - деді ол. - Президенттің қатысуымен болатын шараларға барар кезде үнемі өзім туралы ойлаймын".

"Камераны адамдар жауып қалатын сәттер көп болады. Ондай кезде фотоаппаратты көтеріп, осындай кадр аламын", - деді Қазанғапов.

Мемлекет басшысын тағы суретке түсіру туралы сұраққа Тұрар Қазанғапов күлімдеп жауап берді: "Мен онымен кемінде бір күн өткізіп, мысалы оның үйінде таңғы ас кезінде түсірер едім".

Айта кетейік, Тұрар Қазанғаповтың қолынан шыққан суреттер біздің "Фотобаян" айдарымызда жиі жарияланады. Ал мына жерден оның жұмыстан тыс түсірген суреттерін көруге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети