Астанада төбелес шығарған автобус жүргізушілеріне айыппұл салынды

16 Қыркүйек 2016, 17:53
0
Астанада төбелес шығарған автобус жүргізушілеріне айыппұл салынды - © КТК
© КТК

Астанада жұрттың көзінше төбелес шығарған автобус жүргізушілеріне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстводағылардың мәліметінше, автобус жүргізушілері мен кондукторға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. 

"Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен 1989 жылғы Асахаев О.К, 1972 жылғы Әлиев М.А. есімді азаматтарға және 1985 жылғы Есенбеков Е.А. есімді кондуктордың әрқайсысына 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Төбелес "Көк базар" аялдамасында нөмірі 39 бен 120-шы бағыттағы автобустың жүргізушілері мен кондукторлары арасында болған", - деп хабарлады Астана қалалық ІІД өкілдері.

Айта кетейік, осыған дейін Астанадағы автобус жүргізушілерінің төбелесі жарияланған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай