06 қараша 2014 14:10

Астанада тұманға байланысты 7 әуе рейсі кешіктірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©astanaairport.kz ©astanaairport.kz

Астанада тұманға байланысты тағы да бірнеше рейс кешіктірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада тұманға байланысты тағы да бірнеше рейс кешіктірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта Астана әуежайындағы метеожағдайлардың себебінен және әуе көліктерінің кеш келуіне байланысты ұшатын екі рейс кешіктірілді: SCAT әуе компаниясының Ақтау бағытындағы рейсі кесте бойынша 09.40-та ұшуы керек, ол 19.00-ға дейін кідіреді, China Southern airlines компаниясының Астана - Үрімжі бағытындағы CZ-6014 рейсі кесте бойынша 10.25-те, жолаушылар оны 16.20-ға дейін күтеді", - деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Астана әуежайына келуі тиіс бес рейс те кестесінен кешікті. "SCAT әуе компаниясының үш рейсі кешіктірілді: Атырау бағытындағы рейс үш сағат он минутқа, Ақтөбе бағытындағы рейс екі сағат он минутқа, Петропавл бағытындағы рейс үш сағат 15 минутқа кешігеді. "Жетісу" әуе компаниясының Талдықорған - Астана бағытындағы JTU-6064 рейсі кесте бойынша 10.10-да ұшып келуі тиіс, ол 13.40-қа дейін кешігеді, Үрімжіден келетін China Southern airlines рейсінің уақыты кесте бойынша 09.05, ол 15.20-ға қалдырылды", - деп хабарлады әуежай мамандары.

Қазір Астана әуежайында ауа температурасы 2 градус жылы, тік көріну мүмкіндігі - 80 метр. "Астана әуежайы ИКАО сертификаты бойынша әуе көліктерінің барлық типін тігінен көріну мүмкіндігі 15 метр болған кезде қабылдай алады. Астана әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", - дейді баспасөз қызметі. 

Еске сала кетейік, 5 қараша күні Астанада ауа райы жағдайларына байланысты тоғыз әуе рейсі кешіктірілген еді. Астанада тұман оңтүстік циклондардың суық ауа массаларымен алмасуынан пайда болды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети