04 қыркүйек 2017 16:03

Астанада ҰҚК қызметкері жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Самат Шәкеев. © Жанұяның жеке мұрағатынан Самат Шәкеев. © Жанұяның жеке мұрағатынан

Астанада ҰҚК қызметкері жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада ҰҚК қызметкері жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

32 жастағы Самат Шәкеевтің туыстары биылғы 21 тамызда ер адамның жұмыстан оралмағанын айтты. Әлі күнге дейін оның қайда екені белгісіз. Жұбайы Салтанат Шәкеева күйеуінің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері екенін және Астанада жұмыс істегенін хабарлады. 

"Ол осымен сегізінші жыл ҚР ҰҚК-да жұмыс істеп келеді, шені - капитан. 21 тамызда кезекшіліктен шыққан. Таңғы жетіде жұмыстан шығып кетіпті. Үйге таңғы 10-да келуі керек еді. Келмеген соң телефонына хабарласа бастадым, бірақ сөндірулі болды. Кейін тағы хабарластым. Түсте әріптесіне хабарласып едім, жұмыстан кеткеннен кейін оны ешкімнің көрмегенін айтты. Сол күннен бері жоқ", - деді Самат Шәкеевтің әйелі. 


Әйелінің айтуынша, қала бойынша ер адамның жоғалғаны туралы хабарландыру ілінген, алайда әзірше ешқандай да мәлімет түспеген.  

"Ескертпей кешігетін уақыты болмаған. Ішпейді, шекпейді. Құмар ойындарына бармайды, қарызы жоқ. Сондықтан бірден дабыл қақтым. 20 тамызда кезекшілікке кіріскенінде түнгі екіде қалалық телефон арқылы сөйлескенбіз, ол жұмысынан телефон соққан. Содан бері қайда екенін білмеймін. (...) Ешқайда ескертусіз кетпейтін", - деді Шәкеева. 

Ер адамның туыстары дереу полицияға хабар берген. "Күйеуімнің Кенесары-Шевченко көшелерінің қиылысындағы "Рэдисон" қонақүйінің маңында жүргені бейнеленген видео ғана бар, бейнебақылау камерасына түсіріліпті. Басқа мәлімет жоқ", - деді Салтанат Шәкеева.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети