22 мамыр 2023 11:08

Астанада үш көше жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы үш көшеде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осыған байланысты жол учаскелері уақытша жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігі сайтына сілтеме жасап.


Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы үш көшеде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осыған байланысты жол учаскелері уақытша жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

Жұмыс Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетіні айтылды.

"Ардагерлер көшесінде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабаты төселіп жатыр. Осыған байланысты 21-23 мамыр аралығында Алмалық көшесінен Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскеде жол қозғалысы шектеледі.

Сондай-ақ, Таскескен көшесінің Обаған көшесінен Нұрмағамбетов көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Мұнда қозғалыс 22-25 мамыр аралығында жабылады.

Сол сияқты Бекетай көшесінде Тілендиев даңғылынан Затаевич көшесіне дейін орташа жөндеу жұмысы басталды", - делінген хабарламада.

Бұл учаскелерде көлік құралдарына арналған қозғалыс 22-23 мамыр аралығында толығымен шектеледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети