23 ақпан 2024 09:36

Астанадағы ескі стадион орнына не салынады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионды бұзып, орнына жаңа жабық типті стадион салу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы қалалық Дене шынықтыру және спорт бөлімі мәлім етті және олар жобаның эскизін ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионды бұзып, орнына жаңа жабық типті стадион салу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы қалалық Дене шынықтыру және спорт бөлімі мәлім етті және олар жобаның эскизін ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Осыған байланысты қайта жаңғырту орнына толық демонтаж және жаңа стадион салу жоспарланған, бұл құрылыс-монтаждау жұмыстарының мерзімін ұзартады. Жабық үлгідегі жобаны іске асыру туралы шешім қабылданды, осыған байланысты жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Проект нового стадиона в Астане - Tengrinews.kzАстана Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұсынған эскиздер

Ведомство мәліметінше, стадион жобасы УЕФА стандарттарының 3-санаты бойынша 4500 орындық, ойын алаңы 7140 шаршы метр, өлшемі 105 метрден 68 метрге дейін жетеді.

"Қазіргі уақытта алдын ала жобасын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Стадионның алдын ала жобасына келісім алғаннан кейін ол мемлекеттік сараптама порталына жүктеледі. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін ғимарат құрылысы бойынша жұмыстар басталады", - деп түсіндірді ведомстводағылар.

Проект нового стадиона в Астане - Tengrinews.kzПроект нового стадиона в Астане - Tengrinews.kzАстана Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұсынған эскиздер

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети