Астанадағы тегін 5G: министрлік 8 орынды атады 06 маусым 2023, 17:21

5G жиілік бойынша аукционда жеңіске жеткен ұялы байланыс операторлары елордада базалық станцияларды іске қоса бастады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тегін 5G байланысын пайдалануға болатын сегіз орынды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрліктің Tengrinews.kz сауалына берген жауабында, бүгінде мына орындарда 15 базалық станция іске қосылғаны айтылған:
- EXPO аумағы (Мәңгілік Ел, 55/23);
- "Эдем палас" ТҮК;
- "Соло" ТҮК;
- Министрлер үйі;
- "Астана Меруерт" ТҮК;
- Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт;
- Comfort Town ТҮК;
- "Гранд кешені 2" ТҮК.
Жыл аяғына дейін тағы 175 базалық станцияны іске қосу жоспарланып отыр", - деп хабарлады ЦДИАӨМ.
Жаңа технологияны пайдалану шарттарын операторлардың веб-сайттарынан табуға болады.
"Жоба пилоттық режимде, смартфон параметрлері 5G қамту аймағына енген кезде, абонент интернетті тегін пайдалана алады. Пакеттік трафик қайтадан 4G-ге ауысқанға дейін жұмсалмайды", - деп толықтырды министрлік өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
- ПОДЕЛИТЬСЯ