21 қазан 2016 16:53

Астанаға Солтүстік Қазақстан облысынан 700 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімі жеткізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz мұрағатынан Tengrinews.kz мұрағатынан

Астана қаласына облысымыздың ауылшаруашылығы тауар өндірушілері 700 тоннадан аса өнім әкеледі, деді Орталық коммуникациялар қызметінде "Астана қаласындағы Солтүстік Қазақстан облысының күндерін" өткізуге арналған брифингте Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.


Астана қаласына облысымыздың ауылшаруашылығы тауар өндірушілері 700 тоннадан аса өнім әкеледі, деді Орталық коммуникациялар қызметінде "Астана қаласындағы Солтүстік Қазақстан облысының күндерін" өткізуге арналған брифингте Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.

Баспасөз конференциясы барысында СҚО әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров жәрмеңкеге Петропавл қаласы мен облыстың 100-ден аса ауыл шаруашылығы құрылымдары мен өңдеу кәсіпорындары қатысатындығын жеткізді.

"Астана қаласына облысымыздың ауылшаруашылығы тауар өндірушілері 700 тоннадан аса өнім әкеледі. Оның ішінде 90 тоннаға жуық түрлі ет өнімдері, 10 тонна шұжық, 24 тонна сүт өнімдері, 450 тонна картоп пен көкөніс және тағы басқалар", - деді Айдарбек Сапаров Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында.

Бұдан бөлек, Айдарбек Сапаров бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Тәуелсіздік жылдарында Солтүстік Қазақстан облысының өңірлік жалпы өнім көлемі 13 есе артып, 837 миллиард теңгеге жеткен. Ауыл шаруашылығындағы өндіріс көлемі 289,6 миллиард теңгені құрады.

Сондай-ақ, брифинг барысында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов  облыстық ассамблеяның жұмысына тоқталды.   

"Астана қаласындағы Солтүстік Қазақстан облысы күндері" аясында облыс тарапынан үлкен бағдарлама әзірленген.

22-23 қазан күні "Хан Шатыр" сауда-ойын сауық орталығының  жанындағы алаңда "Өңір берекесі" атты ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өткізіледі.

22 қазан Тәуелсіздік және келісім сарайында Солтүстік Қазақстан облысының үздік шығармашылық ұжымдарының "Мағжан елінен - Елорда төріне" атты гала-концерті өтеді.

Өңір күндері "Қуатты өңірлер - қуатты Қазақстан" акциясы шеңберінде ұйымдастырылуда. Аталған шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған. Осыған дейін Елордада 12 облыстың  күндері өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети