22 қаңтар 2019 17:16

Астаналық дәрігерлердің қанша жалақы алатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kazan2013.ru © kazan2013.ru

Астананың Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров елордалық дәрігерлердің орташа жалақысын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астананың Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров елордалық дәрігерлердің орташа жалақысын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астаналық дәрігерлердің жалақысы олардың қай ұйымда қай салада және қандай қызмет түрін көрсетіп жатуына байланысты, орташа есеппен емханалардағы дәрігерлер 150-160 мың теңге алады, деңгейі одан жоғары стационарлардағы дәрігерлер шамамен 180-200 мың теңге алады", - деді Надыров Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің брифингі барысында.

Оның айтуынша, дәрігер жоғары технологиялы оталар үшін жоғары жалақы алады.

"Мұнда барлығы көрсетілген қызмет түрінің көлеміне байланысты. Біздің ауруханаларда көрсетілген қызмет түрі үшін дифференцияланған төлем қарастырылған. Яғни барлығы маманның қандай қызмет көрсету түріне байланысты", - деді Надыров.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети