Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Астаналық көпбалалы ана Назарбаевқа хат жазғаннан кейін үйлі болды 03 желтоқсан 2015, 19:33

Астана тұрғыны Айгүл Пірменова биылғы шілдеде Мемлекет басшысына хат жазған.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Астаналық көпбалалы келіншек ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазғаннан кейін үйлі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана тұрғыны Айгүл Пірменова биылғы шілдеде Мемлекет басшысына хат жазған. Ол хатында үшем босанғанына байланысты баспана алуға қолғабыс етуін сұрапты. Үшемге дейін әйелдің тағы үш баласы болған. 

"Бұл жолғы хатында ол өзіне пәтер берілгенін айтып, қиын күндерде жәрдемдескені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын жолдаған. Осы орайда ол өзіне бұл қолдаудың күш бергенін, ертеңгі күнге деген сенімінің нығая түскенін атап өткен. Сондай-ақ балаларын Қазақстанның лайықты азаматтары етіп тәрбиелеуге бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізген", - делінген хабарламада.

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram