14 ақпан 2024 14:37

Астаналықтарға көлік көп жүретін учаскеде жол қозғалысы өзгеретіні ескертілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото:smi44.ru фото:smi44.ru

17 ақпан мен 1 наурыз аралығында Тәуелсіздік даңғылы мен Мұңайтпасов көшесінің қиылысы маңындағы кәріз желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана Полиция департаментіне сілтеме жасап.


17 ақпан мен 1 наурыз аралығында Тәуелсіздік даңғылы мен Мұңайтпасов көшесінің қиылысы маңындағы кәріз желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана Полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Тәуелсіздік даңғылы мен Мұнайтпасов көшесінің қиылысы ауданында коммуналдық қызметтер ("Астана Су Арнасы") биыл 17 ақпаннан 1 наурызға дейін кәріз желілерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты, іргелес учаскеде жол қозғалысын ұйымдастыру өзгертіледі.

"Жүргізушілер маршрутты алдын ала жоспарлауы, өте мұқият болуы және жол белгілерінің талаптарын сақтауы қажет. Тәуелсіздік даңғылы мен Мұнайтпасов көшесі қиылысында бағдаршамның қозғалысын ұйымдастыру және жұмыс режимі өзгереді", - делінген хабарламада.

Әлімбаев көшесі арқылы өтетін жол алып тасталады және Белжайлау көшесінен Тәуелсіздікке дейінгі жол қозғалысы толығымен шектеледі.

"№ 1 қалалық балалар ауруханасы мен № 13 емханаға келушілер үшін Тәуелсіздік даңғылынан уақытша кіру қамтамасыз етілді. Энергетик шағынауданының тұрғындары үшін Тоқпанов көшесінен кіруге болады".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.44   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети