11 қаңтар 2017 | 23:05

Астананың жаңа теміржол вокзалы 2017 жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

Астананың жаңа теміржол вокзалы 2017 жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Астананың жаңа теміржол вокзалы 2017 жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. 

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен Астана қаласының жаңа теміржол вокзалының құрылысы және Астана станциясының теміржол торабын дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеңес өтті.
 
Аталған жобаларды іске асыру барысы жайлы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшысы Қанат Алпысбаев баяндады. Ол қазіргі таңда Астананың вокзал кешенінің және теміржол торабының әзірлігі 80 пайызды құрайтынын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта бетон жұмыстары, ғимараттың металл қаңқасын құру, шатыр жұмыстары, ғимараттың жылыту бөлігінің қасбеттерін қаптау аяқталды, орталықтан жылыту іске қосылды.  

Кірме теміржол эстакадасында металл аралық құрылыстарын құру аяқталды, шуылдан қорғау экранының тірек бөліктері мен металл құрылыстарын монтаждау соңына таяп қалды, жолдың жоғарғы құрылысы салынып жатыр.

Вокзалдың карниздерін қаптау жұмыстары, вокзалдың жылытылмайтын бөлігінің қасбеттерін әрлеу, ауа алмастыру жүйесін монтаждау, сыртқы электрмен қамту жұмыстары 90 пайызға аяқталды.

Вокзал ғимаратының ішіндегі әрлеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. 

2017 жылдың 1 мамырына қарай вокзал ғимаратындағы лифттер мен эскалаторларды монтаждау, іске қосу және жөндеу, төңіректі абаттандыру және көгалдандыру, сонымен қатар әрлеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған.

Елорданың жаңа теміржол вокзалы аумағындағы инженерлік коммуникациялар мен жол құрылысы жұмыстарының барысы туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов есеп берді.

Сондай-ақ, мердігер ұйымдардың басшыларының құрылыс-монтаждау жұмыстарын атқару, жаңа теміржол вокзалын пайдалануға беру қызметінің жұмыстары туралы есептері тыңдалды.

Аталған нысан құрылысында шамамен 1 150 адам жұмыс істейді. Астананың жаңа теміржол вокзалының өткізу қабілеті - тәулігіне 35 мың жолаушы. 

Көшпелі кеңес қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин вокзал кешені мен Астана станциясының теміржол торабы құрылысын аяқтауға байланысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. Ол аталған нысандардың Халықаралық EXPO көрмесі қарсаңында сапалы әрі уақытылы тапсырылуының маңыздылығын айтып өтті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети