19 ақпан 2014 11:36

Астананың кәріз сулары Есілге жіберіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото info-tses.kz сайтынан Фото info-tses.kz сайтынан

Ағымдағы жылы Астананың кәріз суларын Талдыкөлге жіберу жұмысы тоқтатылады. Оның барлығы тазартылып, Есіл өзеніне бағытталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетоке сілтеме жасап. "2014 жылда қалалық кәріз суларын Талдыкөл жинақтаушы тоғанына жіберу жұмысы тоқтатылады. 150 мың текше метр көлеміндегі кәріз сулары тазартудан өткеннен кейін Есіл өзеніне бағытталады. Оның сапасы техникалық судың деңгейіне дейін жеткізіледі", - деді бүгін И.Тасмағамбетов халық алдындағы есеп беру кездесуі кезінде. Әкімнің хабарлауынша, биыл маусым айында Талдыкөлдің кәріз балшығын арнайы геотекстильді контейнерлерге салу жұмысы басталады. Одан кейін көлдің түбі рекультивацияланады. Бұл жұмыс 2016 жылға дейін жалғаспақ. 2011 жылы қолға алынған жоба аясында бүгінге дейін 21 млрд. теңге игерілді. Әкімнің сөзіне қарағанда, көлдің орнында саяжайлар ашылады. Айта кетейік, Астананың Ильинка кентіне жақын орналасқан Талдыкөлде елорданың барлық кәріз сулары жинақталады. Оның иісі қаланың сол жағалауына таралып тұрады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети