22 қыркүйек 2015 15:30

Астананың супермаркетінде құрт табылған кәмпиттер өндірушіге қайтарылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Flickr.com © Flickr.com

Астананың супермаркетінде құрт табылған кәмпиттер өндірушіге қайтарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астананың супермаркетінде құрт табылған кәмпиттер өндірушіге қайтарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, Facebook әлеуметтік желісінде кәмпиттерден тірі құрттар табылғаны түсірілген сурет жарияланған болатын. Қолданушы Tengrinews.kz тілшісіне кәмпиттің Астанадағы Уәлиханов көшесінде орналасқан Green дүкенінен алынғанын хабарлады. Аида Велиева кәмпиттерді күйеуінің сатып алғанын, дегенмен оны жеп үлгермегенін айтты.

"GREENMart Сауда Желісі" ЖШС" тауарды өндірушілерден алғанын хабарлап отыр. "Тауарды біз Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес сертификатпен сәйкестеп қабылдаймыз. Кәмпиттерден құрттардың табылуына келер болсақ, өндірушілер қателік жіберген. GreenMart тауарларды қайтарып, сараптамадан өткізу үшін өндірушімен хабарласты", - деп жазылған Facebook желісінде.

Сауда желісі өкілдерінің хабарлауынша, тауарды қабылдаған кезде сыртындағы қаптама жыртылмаған, ал сақтау мерзімі заңнамаға сәйкес болыпты.

Еске сала кетейік, бұл осы сауда желісінде болып отырған алғашқы жағдай емес. Биыл шілдеде Интернет қолданушылары әлеуметтік желілерге жемістердің арасында өлі құстың жатқаны түсірілген сурет жариялаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети