20 наурыз 2018 11:39

Астроном Наурыз мейрамы неліктен наурыз айында тойланатынын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Астроном Наурыз мейрамына ғылыми түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Астроном Наурыз мейрамына ғылыми түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Астрономия ғылымдарының доценті Андрей Солодовник Наурыз мейрамы неліктен дәл 21 наурызда тойланатынын түсіндірді. Ғалымның ойынша, бұл астраномиялық көктемнің келуімен байланысты, бұл туралы ежелгі ұлыстар білген және осы күнді Наурыз мейрамын тойлауды ұйғарған. 

Солодовник Наурыз мейрамын тойлаудың ғылыми негізі барын айтады. Оның айтуынша, бұл мейрам астрологияда күн мен түннің теңесуімен сәйкес келеді. Ол көктемнің бастауы және табиғи феномен болып саналады. 

"Күн мен түн теңескен уақытта Күн экватор мен эклиптиканың қиылысқан тұсына келеді. Көктегі экватор - бұл шеңбер, ол аспанды екіге бөледі. Бір жағы солтүстікке -  темірқазық, ал екіншісі оңтүстік - оңтүстік полюске қарайды. Күннің экваторға келуі, оның оңтүстіктен солтүстікке келуі болып табылады. Біздің өңірде ауа райы жылиды. Астраномиялық көктем. Түркі тілдес халықтардың барлығы осы күнді мейрам ретінде тойлайды. Олар Наурыз мейрамы - әлемнің жаңаруы, көктемнің басталуы", - дейді М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың астраномия ғылымдарының доценті Андрей Солодовник.

Ғалымның айтуынша, күн мен түннің теңесуі нақты бір мерзімі жоқ, ол жылға байланысты өзгеріп тұрады екен. 

"Төрт жылда 3 рет - 20 наурызда, 1 рет - 21 наурызда. Бұл жолы 20 наурызда болады, нақты уақытын атауға да болады - сағат 22.15-те. Осы күні күн шығыстан шығып, батыстан батады. Күн тең екі бөлікке бөлінеді - 12 сағаттан. Мұндай құбылыс расында да бар - рефракция. Бірақ негізі бұл күні күн түннен 12 минутқа ұзағырақ болады. Дегенмен де бұл күні күн мен түн теңеледі", - дейді астрономия ғылымдарының доценті Андрей Солодовник.

Ғалымның айтуынша, келесі астрологиялық құбылыс жазда болады. 27 шілдеде Марс пен Күннің тұспа-тұс келуі және айдын тұтылу құбылысы бірден бір уақытта жүреді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети