“Атом энергетикасы - елдің энергетикалық дербестігінің кепілі“ - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Атом энергетикасы - елдің энергетикалық дербестігінің кепілі“ - Тоқаев Фото:depositphotos.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының қорытынды бірлескен отырысында еліміздің энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының қорытынды бірлескен отырысында еліміздің энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Президент болашақта Қазақстан елді газдандыруды жеделдететінін және келер жылдың өзінде алғашқы атом электр станциясының құрылысына кірісетінін атап өтті.

Мемлекет басшысының айтуынша, энергетикалық, инженерлік және көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді.

"Экономиканың жаңа үлгісіне көшу үшін алдымен энергетикалық, инженерлік және көлік-логистикалық инфрақұрылымды толыққанды дамыту қажет. Бұл маңызды үштаған кез келген елдің, соның ішінде Қазақстанның да негізгі тірегі саналады. Сондықтан біз энергетикалық және коммуналдық салаларды жан-жақты жаңғырту жұмысын қолға алдық. Осы мақсатта бұрын-соңды болмаған ауқымдағы Ұлттық жобаны іске асыру туралы шешім қабылданды. Оны жүзеге асыру үшін тек биылдың өзінде 1 триллион теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр.", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент биліктің нысандарды жай ғана жөндеу тәжірибесінен бас тартып, кешенді жаңғыртуға көшкенін атап өтті.

"Артық шығынға әкеп соғатын тиімсіз "әрлеу, яғни жөндеу" тәсілінен бас тартып, өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін барлық нысандар мен жүйелерді түбегейлі жаңғырту жұмысы жүргізілетін болды", - деп толықтырды Тоқаев.

Мемлекет басшысы дәстүрлі энергия ресурстары әлі де Қазақстан экономикасының негізі болып қала беретінін қадап айтты.

"Қазақстанның энергетикалық балансында көмір, мұнай, газ секілді отын түрлері басым. Көмірсутегі ұлттық экономиканың негізін құрап, бюджетке валюталық түсімнің қомақты бөлігін қамтамасыз етеді. Мұнай-газ шикізаты – экспорттан пайда әкелуімен қатар қалаларымыз бен ауылдарымызды қамтамасыз ететін бағасы қолжетімді жылу мен қуат көзі.", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Қазақстан елді газдандыру деңгейін 65 пайыздан 80 пайызға дейін жеткізіп, бұл процесті жеделдетуді ниет етіп отыр.

Сонымен қатар мемлекет жаңартылатын энергия көздерін де дамытуды жалғастырады.

"Үкімет дәстүрлі қуат көздерімен бірге "жасыл" энергетикаға баса мән беріп отыр. Оның энергетикалық теңгерімдегі үлесі 7 пайызға жетті.
Қарқынды өсіп келе жатқан экономиканы қамтамасыз ету үшін 2029 жылға қарай 13 гигаваттан астам жаңа қуат көздерін іске қосу жоспарланған. Осы орайда, олардың кемінде төрттен бірі жаңартылатын энергия көздері есебінен жүзеге асырылмақ", - деді Президент.

Президент көмір генерациясын дамыту мәселесіне де арнайы тоқталды. Ол наурыз айында таза көмір энергетикасын дамыту бойынша ұлттық жоба қабылданғанын еске салды.

"Алдағы үш жылда Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жоғары экологиялық стандарттарға сай келетін технологияларды пайдаланатын үш жылу электр станциясын салуымыз керек. Мұны созуға болмайды. Әйтпесе істен гөрі сөз көбейіп кетті", - деді Мемлекет басшысы.

Атом энергетикасына тоқталған Тоқаев бұл Қазақстан үшін стратегиялық шешім екенін атап өтті.

"Қазақстан әлемде уран өндіру бойынша көшбасшы және ядролық инфрақұрылымы бар ел саналады. Сондықтан атом генерациясын өте дұрыс таңдадық. 2024 жылғы тарихи референдум кезінде халық қабылдаған шешім, шын мәнінде, өркениетті сипатқа ие. Бұл – елдің энергетикалық дербестігінің кепілі, қуатты көп тұтынатын келешек цифрлық экономиканың сенімді тірегі. Келесі жылы алғашқы атом электр станциясының құрылысы басталады", - деп толықтырды ол.

Сөзінің соңында Президент тағы бір стратегиялық бағыт – көлік-логистика саласын дамыту болып қала беретінін айтты.

"Біз еліміздің инфрақұрылымдық арқауының тағы бір мызғымас тірегі – көлік-логистика саласына баса назар аударуымыз керек. Бұл сала стратегиялық маңызға ие. Біздің аймақтағы барлық елдер де осы бағытқа ден қойып жатыр, сондықтан, бәсеке күшеюде.", - деді Тоқаев.

Еске сала кетейік, Астанада Парламент палаталарының тарихтағы соңғы отырысы өтіп жатыр. Бұған дейін Мәжіліс және Сенат қорытынды пленарлық отырыстарын өткізген болатын. Тамыз айында Қазақстанда Құрылтай – бір палаталы Парламент сайлауы өтеді, ол өз жұмысын алдағы күзде бастауы мүмкін.

Читайте также

Валюта бағамы

 485.26   552.61   6.23 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +27
Ақтау +23
Ақтөбе +21
Атырау +24
Б
Балқаш +28
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +28
П
Павлодар +22
Петропавл +30
С
Семей +32
Т
Талдықорған +30
Тараз +33
Түркістан +17
О
Орал +26
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер