Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Атырау әуежайы жолаушылары арнайы бақылаудан өтіп жатыр

28 Тамыз 2014, 12:03
0
©kapital.kz
©kapital.kz

Эбола безгегі қаупіне байланысты Атырау әуежайында халықаралық рейс жолаушылары арнайы тексеруден өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Тұтынушылар құқықтарын қорғау агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Батыс Африкада Эбола безгегінен 1427 адам қайтыс болды.

"Әуежайда TI-25 FLUR тепловизорымен және жанаспайтын пирометрлермен жабдықталған санитариялық-карантин пункті ашылды. Африка елдерінде бәсеңдемей тұрған індет - Эбола безгегінің өршуіне байланысты санитар дәрігерлер халықаралық рейстермен келген барлық жолаушыны міндетті түрде тексереді", - делінген таратылған хабарламада.

Айта кетейік, Атырауға еліміздегі мұнай компанияларында жұмыс істейтін шетел азаматтары өте көп келеді, соның ішінде, Африка елдерінің азаматтары да. Жылдың басынан бері қалаға 257 халықаралық рейспен 22 мыңға жуық жолаушы келген. Еске сала кетейік, Эбола қанды безгегі - осы инфекцияны жұқтырған адамның қаны немесе іріңі, сондай-ақ ауру адам ұстаған заттар арқылы тікелей таралатын қауіпті індет.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай