26 наурыз 2019 19:29

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле Сайлауова қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсәуле Сайлауова © atyrau.gov.kz Нұрсәуле Сайлауова © atyrau.gov.kz

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле Сайлауова екі айға қамалды. Бұл туралы Атырау облыстық сотыны4 баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле Сайлауова екі айға қамалды. Бұл туралы Атырау облыстық сотыны4 баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Сот Нұрсәуле Сайлауоваға қатысты екі ай қамауда ұстау шешімін шығарды", - деді Атырау облыстық сотының өкілдері. Санкцичя 20 наурызда шықты. 

"Ак Жайық" басылымының мәліметінше, Сайлауова әкімдікте әлеуметтік блокқа жетекшілік еткен және екі ай бұрын өз еркімен жұмыстан босатылған,ол өзіне сеніп тапсырылған қаражатты жымқырып, талан-таражға салды және пара алды деген күдікке ілінген. 

Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметіне Сайлауова 2017 жылы тағайындалған еді. 2019 жылы 15 қаңтарда ол қызметінен босады

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети