28 ақпан 2014 | 15:25

Атырау облысында жоғалған баланың мәйіті табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Атырау облысында жоғалып кеткен жеті жастағы бала өлі күйінде табылды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан". Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының мәліметінше, баланың мәйітін мұнай компанияларының бірінің іздеу тобы Мақат ауылынан 20 шақырым қашықтықтан тапқан. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарованың хабарлауынша, алдын ала болжам бойынша бала үсіп өлген. Баланың денесі аудан орталығына жеткізілді. Тұлғасы анықталып, сот-медицина сараптамасы жүргізіледі. "Сараптама баланың қайтыс болған уақыты мен өлімінің себебін нақты анықтайды", - дейді Гүлнәзира Мұхтарова. Бұған дейін жеті жастағы баланың өткен жексенбі күні із-түссіз жоғалып кеткені хабарланған болатын. Оны іздеуге жергілікті тұрғындар мен 100-ден астам полицей қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети