29 қазан 2020 07:24

Атырау облысында Қытай азаматтарының келген сәті видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан скрин Видеодан скрин

Атырау облысындағы Қарабатан зауытына Қытай азаматтарының бір тобы келген сәті видеоға түсіріліп, әлеуметтік желіде жарияланды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.


Атырау облысындағы Қарабатан зауытына Қытай азаматтарының бір тобы келген сәті видеоға түсіріліп, әлеуметтік желіде жарияланды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Видеоға қатысты аймақтағы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров пікір білдірді.

Оның айтуынша, 22 қазанда Атырауға Нұр-Сұлтаннан чартерлік рейспен CNCEC (China National Chemical Enginnering Co) компаниясының 124 қытайлық маманы газхимиялық кешеннің І фазасының жобасында жұмыс істеу үшін келген. 

Ұшып келген күні қытайлық жұмысшылар вахта қалашығына орналастырылған. Осы сәтті қазақстандық жұмысшылар видеоға негатив пікір айта отырып түсірген. 

"Бұл дерек бойынша CNCEC және КPI ЖШС (жобаның тапсырыс берушісі) филиалдарының қауіпсіздік қызметінің мамандары видеоны түсірген азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ал қазақстандық жұмысшылар видеоны ешқандай арам ойсыз түсіргенін айтты", - деді облыстың бас еңбек инспекторы.

Басқармадағылар Қытай азаматтарының жұмыс визасымен келгенін және шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алуы керек санатқа жатпайтынын атап өтті.

Басылым Қарабатанда полипропилен шығаратын зауыт Қытай даму банкінің ақшасына салынып жатқанын, ал CNCEC компаниясы жобаның мердігері екенін жазды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети